Сәрсенбі, 26 наурыз, 01:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№21,2134
23.03.2025
PDF мұрағаты

Қызылорда облысында қайтыс болған баланы таэквондо секциясына тіркеген

24.03.2025

134 0

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Қызылордалық прокурорлар «Damubala» бағдарламасы аясында ашылған үйірмелер мен секциялар жұмысынан бірқатар заңбұзушылықты анықтады

Мысалы, Жалағаш ауданында қайтыс болған баланы таэквондо секциясына, ал тірек-қимыл жүйесі бұзылған баланы заманауи би үйірмесіне тіркеп пайда тапқан жағдайлар бар.

– Жария оферта шартына сәйкес тапсырыс беруші мемлекеттік тапсырысты іске асыру талаптарының сақталуын бақылауы тиіс болған. Алайда жекелеген өнім берушілер домбыра, эстрадалық вокал үйірмелерін 2020 жылдан бері бері қараусыз тұрған, өрт қауіпсіздігі және санитария қағидаларына сай келмейтін үй-жайларда өткізген. Бақылаудың болмауынан балалар талапқа сай келмейтін, адам өмірі мен денсаулығына қауіпті нысандарда тәрбиеленген, – делінген облыстық прокуратураның хабарламасында.

Қадағалаушы орган заң талаптарының сақталмауы мемлекеттік тапсырысты қаржыландыру мәселесінің дұрыс жоспарланбауынан басталғанын алға тартып отыр.

– Соңғы үш жылда мемлекеттік тапсырысты орындауға 11,6 млрд теңге бөлініп, 310 өнім беруші қызмет көрсеткен. Жергілікті атқарушы орган бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуын қатаң бақыламаған. Соның салдарынан өнім берушілерге 500 млн теңгеге жуық қаржы негізсіз төленген. Қазір мемлекетке 30-дан астам өнім берушіден 91 млн теңге өндірілді, – делінген ведомство хабарламасында.

Біз бұған дейін Қызылорда облысында мемлекеттен қаржы алған шығармашылық үйірмелер тексеріліп жатқанын хабарлағанбыз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: