Жұма, 11 шiлде, 22:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№50,2163
09.07.2025
PDF мұрағаты

Қызылорда облысында қандай жолдар қауіпті?

11.07.2025

85 0

Фото: ҚазАвтоЖол

2025 жылдың алғашқы жартысында жол қозғалысын қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытында Қызылорда облысында 144 164 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Оның 81 209-ы – жол ережесіне тікелей әсер ететін өрескел жағдайлар, – деп хабарлайды KAZINFORM.

Тәртіп сақшылары мониторинг барысында облыс аумағында қандай жолдар көлік жүргізушілер үшін аса қауіпті екенін анықтады.

–  Адам өлімімен аяқталатын жол-көлік оқиғаларының басым көпшілігі Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент тас жолының Қызылорда-Ақтөбе бағытында тіркеледі. Оның 566 шақырымы екінші дәрежелі болса, Қызылорда-Түркістан бағытындағы жолдың 541 шақырымы бірінші дәрежелі. Қайғылы жағдайларға осы себеп әсер етіп отыр. Сонымен қатар шетелдіктердің көбі транзиттік жолдарда ереже сақтай бермейді. Мысалы, есепті кезеңде 6 жол-көлік оқиғасынан 7 адам көз жұмып, 11 адам жарақат алған. Оның арасында Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінің азаматтары бар, — деді облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Рауан Әлдешов.

Қызылорда-Ақтөбе аралығындағы республикалық маңызы бар жол арқылы тәулігіне шамамен 10 мың көлік өтеді. Соңғы бес жылда екі аралықты жол қылған көлік саны 79,4%-ға өскен.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: