Жексенбі, 29 желтоқсан, 03:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда облысында ҚР АҚДМ стратегиялық сессиясы өтті

22.02.2021

8046 0

Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Стратегиялық сессияларын» іске асыру аясында Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Бакиров Қызылорда облысының Дін істері басқармасының басшылығымен және «Дін проблемаларын зерттеу орталығымен» кезекті онлайн-кездесу өткізді. Кездесуге комитет қызметкерлері, ҚМДБ филиалының басшылығы, ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері, теологтар, дінтанушылар мен психологтар қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты дін саласындағы өзекті мәселелер мен міндеттерді пысықтау және түсіндіру. Кездесуде Қазақстан Республикасының дін саласындағы 2021-2023 жылдарға арналған кешенді жоспарының негізгі бағыттары талқыланды.
Б.Бакиров оңалту және ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бағыты бойынша азаматтарды қамту биылғы жылы бірлескен жұмыстың нәтижесі болуы тиіс екенін атап өтті.
Сонымен қатар, Төраға орынбасары діни ахуалдың дамуын ескере отырып, өңірде нақты алдын алу жұмыстарын жүргізуге және өңірдегі діни бірлестіктер өкілдерімен сенімді қарым-қатынас орнатуға назар аударды.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жетілдіру бойынша өз идеялары мен ұсыныстарын білдірді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: