Бейсенбі, 11 қыркүйек, 18:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№68, 2181
09.09.2025
PDF мұрағаты

Қызылорда облысында сотталғандар туыстарымен кездесті

10.09.2025

33 0

Қызылорда облысында сотталғандарға туыстарымен кездесу ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сотталғандарға заң талаптарына сәйкес туған-туыстарымен қысқа және ұзақ мерзімді кездесулер ұйымдастырылып келеді. Мұндай шаралар қоғамнан оқшауланған азаматтардың отбасы құндылықтарын ұмытпай, дұрыс жолға қайта түсуіне мүмкіндік береді.

№37 мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталған азамат ұзақ уақыттан соң ең қымбат жандары – әйелі мен баласын құшақтап қауышты. Ол жол-көлік оқиғасын жасап, сот үкімімен бас бостандығынан айырылған болатын. Мекеменің режим бөлімшесінің жедел уәкілі Шамет Естай кездесулердің заң аясында берілетінін түсіндірді:

– Әр сотталғанға берілетін кездесу құқығы оның ұсталу жағдайына байланысты. Қатаң жағдайдағылар тоқсанына бір рет, жалпы жағдайдағылар айына бір рет, ал жеңіл жағдайдағыларға аптасына бір рет ұзақ мерзімді кездесу қарастырылған. Қысқа мерзімді кездесулердің ұзақтығы екі сағаттан аспайды, – деді ол.

Ал сотталған азамат үшін бұл күн ерекше есте қалды:

– Әйелім мен баламды көрген сәтте көзіме жас келді. Бұл – мен үшін зор қуаныш әрі алға ұмтылуға себеп. Осындай кездесулер бізге жаңа күш-қуат береді. Қателігімді түсіндім, енді отбасым үшін түзеліп, жаңа өмір бастағым келеді, – деп толқыды ол.

Әрбір осындай кездесу сотталғандарға рухани демеу беріп, отбасымен байланысын сақтауға, өмірге жаңа көзқараспен қарауға ықпал етеді. Өйткені отбасы – адамның ең үлкен тірегі, сенім мен үміттің сарқылмас қайнары.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: