Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының «Заң мен тәртіп» қағидатын қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік жобасы аясында «Асыл мұра – Орда» қоғамдық қоры бірқатар маңызды іс-шаралар ұйымдастырды.
Аталған жоба шеңберінде 2026 жылғы 17–19 наурыз аралығында Қорқыт ата Қызылорда университетінің «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты, тәжірибелі заңгер Қаржаубаева Ләззат Майлыбайқызының қатысуымен Шиелі, Жаңақорған және Қазалы аудандарында тұрғындарға арналған тегін құқықтық қабылдаулар мен кеңестер өткізілді.
Іс-шаралар «Заң және әділет: сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ашық құқықтық кеңес» тақырыбында ұйымдастырылып, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталды.
Қоғамдық қабылдаулар аудандардағы халық көп шоғырланатын орындарда, атап айтқанда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ғимараттарының 1-қабатында өткізілді.
Кездесу барысында азаматтарға заң аясында кеңестер беріліп, олардың құқықтық мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, тұрғындардың сұрақтарына нақты жауаптар ұсынылып, құқықтық көмек көрсетілді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
