Дүйсенбі, 01 желтоқсан, 17:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№91 (2203)
29.11.2025
PDF мұрағаты

Қызылорда облысында жастар арасында өткен есірткіге қарсы өлеңдер сайысының жеңімпаздары анықталды

01.12.2025

26 0

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы оқушылар мен студенттер арасында есірткіге қарсы үздік өлең байқауын ұйымдастырды. Сайыс «Мен өмірді таңдаймын!» ұранымен өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – өскелең ұрпаққа нашақорлықтың зиянын түсіндіру, олардың бұл мәселеге қатысты жеке көзқарасын шығармашылық түрде жеткізуге мүмкіндік беру және ақпаратты қолжетімді түрде насихаттау болды.

Қызылорда облысында жастар арасында өткен есірткіге қарсы өлеңдер сайысының жеңімпаздары анықталды

Байқау екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде Қызылорда қаласы мен аудандық білім бөлімдері іріктеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде 27 үздік жұмыс Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасына жолданып, екінші кезеңге өтті.

Екінші кезеңде қатысушылар өздері жазған есірткіге қарсы өлеңдерін бейнеформатта оқып, кейін оларды бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жариялады. Жас авторлар нашақорлықтың зияны, оның салдары және одан сақтану жолдары туралы ойларымен бөлісіп, мәселені түрлі қырынан ашып көрсетті.

Қызылорда облысында жастар арасында өткен есірткіге қарсы өлеңдер сайысының жеңімпаздары анықталды

Қорытынды бойынша 13 қатысушы ынталандыру сыйлығына, ал 12 сайыскер жеңімпаз атанды.

Облыстық кезеңнің жеңімпаздары: Мырзхан Іңкәр (Шиелі ауданы, №141 орта мектеп), Әзімхан Олжабай (Шиелі ауданы, №158 орта мектеп), Наурызбай Аяна (Қазалы ауданы, №97 орта мектеп), Тасқали Каусар (Қазалы ауданы, №96 орта мектеп), Құттырмырза Әсел (Қармақшы ауданы, №279 мектеп-лицей), Халилуллаев Әбілмансур (Қызылорда қаласы, №145 орта мектеп), Мирамбекқызы Асылзат (М.Мәметова атындағы Қызылорда жоғары педагогикалық колледжі).

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мұндай бастамалар алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.

Қызылорда облысында жастар арасында өткен есірткіге қарсы өлеңдер сайысының жеңімпаздары анықталды

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: