ҚАЖД-нің №60 мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтардың денсаулық жағдайы бойынша Медициналық көмекті ұйымдастыру бөлімінің бөлім басшысы Сардарбекова Динара Сардарбековна және медициналық көмекті ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Қалекеев Рахымжан Нұрланұлы және №3 қалалық емхананың бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Рахметулла Айдос Ғаниұлы мекемеге келіп, сотталған азаматтардың денсаулық жағдайын бақылауға алды.
Жазасын өтеуші азаматтардың денсаулық жағдайымен танысып, жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Медицина қызметкерлері мекемені аралау барысында сотталғандарға медициналық көмек көрсетуді арттыру және медициналық қызмет көрсетудің бірыңғай жүйесін құру басты мақсат болып табылатынын атап өтті.
– Біздің мақсатымыз – сотталғандардың денсаулық жағдайын тексеру,диагностика және емдеу әдістеріне қол жетімділігі кең болуына көз жеткізу. Олардың жай-күйін бақылап, мазалап жүрген сауалдарына жауап беру, – деді Сардарбекова Динара Сардарбековна.
Өз кезегінде ҚАЖ департаменті №60 мекемесінің бастығы Мақсұт Өтегенұлы сотталғандардың денсаулығына қажеттілікті мекеме тарапынан талап ету ажырамас құқығы екенін атап өтті.
– Менің бүйрегіме ота жасалған. Басқа адамның бүйрегімен жүргеніме биыл – 5 жыл. Соңғы кезде денсаулығым сыр беріп, бүйрегімнің де ауырғаны қайта басталды. Қандай ем-шара қолдансам болады? – деп сауал қойды сотталған П. есімді азамат.
Мамандар аурудың белгілерін сұрап, сотталған азаматтың денсаулық тарихымен танысып, тағы бір тексеріс жұмыстарын жүргізетінін айтты.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!