Қызылорда облысында рейстегі автобус пен автокөлік соқтығысты, салдарынан екі адам қаза тапты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
14 шілдеде Қызылордада Баймұрат ауылының тұсында Шымкент-Самара тасжолында автобус пен жеңіл автокөлік соқтығысқан. Автобус Қызылорда – Қазалы бағытында қатынаған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі оқиға орнында қаза болып, автобустың бір жолаушысы медициналық мекемеде көз жұмды. Автобус жүргізушісі мен 3 жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды, олардың біріне алғашқы медициналық көмек көрсетілді.
ЖКО дерегі бойынша ҚР Қылмсытық кодексінің 345-бабы 4-бөлігімен соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!