Фото: Zakon. kz
Қызылорда облысында өткен «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында жол ережесін жиі бұзатын азаматтар анықталып, құқық бұзушылықтарды анықтау жұмыстары күшейтілді.
Төлемнен жалтарып жүрген көлік иелеріне шара көріліп, жол қозғалысындағы тәртіпті сақтау маңызы кеңінен түсіндірілді.
«Біздің басты мақсатымыз – айыппұл салып, жазалау емес. Біз ең алдымен жол қозғалысы ережесінің сақталуын қамтамасыз етуді, қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуды көздейміз. Әрбір азамат заң алдындағы жауапкершілігін түсінуі керек», — дейді полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Нұркен Бақтияров.
Қазір облыс бойынша құқық бұзушылықтарды автоматты түрде анықтайтын «Аркан», «Интегра КДД», «Сергек», «Екин-Патруль» сияқты заманауи жүйелер толық жұмыс істеп тұр.
Сонымен қатар «Мегакам Қорғау» жол қозғалысын бақылау жүйесі арқылы жалған мемлекеттік нөмірмен жүрген, міндетті сақтандыруы жоқ көліктер анықталып жатыр.
Бұл – жолдағы қауіпсіздікке тікелей қауіп төндіретіндер. — Әр жүргізуші тек өз қауіпсіздігі үшін ғана емес, айналасындағы адамдардың амандығы үшін де жауапты екенін ұмытпауы керек, – деді Нұркен Пралиұлы.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!