Жұма, 27 желтоқсан, 03:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда облысындағы Наурызнама онкүндігі

23.03.2024

508 0

Биылғы Ұлыстың ұлы күні жылдағыға қарағанда сән-салтанатымен, жалпыхалықтық сипатымен ерекшеленді. «Наурызнама» тұжырымдамасына сәйкес Қызылорда облысында 14 – 23 наурыз аралығында халықтық мерекені тойлауға арналған Наурызнама онкүндігі ұйымдастырылды. Бұл онкүндік төл мерекемізді атап өтудің жаңа дәстүрлерін қалыптастыруға, ең жақсы адами қасиеттерді – ашықтықты, шынайылықты, жауаптылықты, қайырымдылықты насихаттауға бағытталған. Аймақта арнайы іс-шаралар жоспары әзірленіп, әр күн белгілі бір тақырып аясында өтті.

Осылайша жоспарланған шаралар Наурыз мерекесін өнегелі бастамалар арқылы жалпыхалықтық мейрамға айналдыруға, халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтуға септігін тигізді.

Бүгін Сыр өңірінде Наурызнама онкүндігі аясында Тазару күні өтуде. Аймақтың әр елді мекенінде барлық ұйым, мекеме ұжымдары мен тұрғындар жаппай сенбілікке шығып, туған өлкенің тазалығына, абаттандырылуына үлес қосты. Жыл басынан бері облыс аумағына 1100 түп ағаш отырғызылды.

Айта кетейік, Наурызнама онкүндігінің соңғы күні ұлттық экологиялық науқанға арналған. Тазару күні – мемлекеттің экологиялық түйткілдерді шешуге бағытталған іс-шараларына азаматтардың қолдау білдіруі. Бұл күні қоршаған ортаны қорғау туралы түсінік кең таратылып, қоғамда экологиялық мәдениетті дамытуға мүмкіндік туады. Өйткені
Наурыз мерекесі табиғат тазалығын сақтауға, қыстың көктемге ауысқан шағындағы жаңаруға үндейді.

Қызылорда облысының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: