Бейсенбі, 29 мамыр, 19:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39,2152
27.05.2025
PDF мұрағаты

Қызылорда облысының ХҚКО «Қазақстан балалары» республикалық акциясына қатысты

28.05.2025

139 0

«Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы «Қазақстан балалары» ауқымды республикалық акциясына белсенді қатысып, өз үлестерін қосты.

Онкүндіктің “Кибер Тұмар” күні аясында балаларға цифрлық сауаттылықтың негіздері жөнінде ақпарат беріліп, заманауи цифрлық сервистермен таныстырылды. Сонымен қатар, цифрлық ортада қауіпсіз әрі саналы мінез-құлықтың маңыздылығы ерекше атап өтілді.

Іс-шара барысында Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары балаларға қызмет көрсету кезінде қолданылатын заманауи цифрлық технологиялар туралы айтып берді. Сондай-ақ, балалар электронды сервистермен танысып, ол арқылы мемлекетпен қалай оңай және тиімді байланыс орнатуға болатынын білді.

Танымдық шарада цифрлық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды. Балалар жеке деректерді қалай қорғау керектігі және интернетте қауіпсіз жұмыс істеу үшін сенімді құпия сөздерді пайдалану неліктен маңызды екендігін ұғынды.

Бағдарлама аясында кішкентай қонақтар үшін қызықты шоу-бағдарламалар әзірленді. Көңілді аниматорлар, шығармашылық шеберлік сыныптары, түрлі ойындар мен конкурстар — мұның бәрі балалардың қуанышын еселей түсті. Тіпті, тәтті тағамдар мен дәмділер де дастарханнан орын алды.

💬Цифрлық сауаттылықты бала кезінен меңгеруді бастау керек деп есептеймін. Себебі бүгінгі балалар – ертеңгі еліміздің болашағы, нағыз инноваторлар, цифрлық дәуірдің жасаушылары мен көшбасшылары. Осы тұрғыда біз цифрлық құралдармен сенімді жұмыс істеп қана қоймай, оларды қоғамның игілігі үшін саналы және қауіпсіз пайдалана алатын ұрпақты қалыптастыруға үлес қосып жатқанымызға қуаныштымыз», — деп атап өтті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыстық филиал директорының орынбасары Еркін Дәуренұлы.

Іс-шара соңында әр қатысушыға қазіргі әлемде мәдени мұраны сақтаудың маңыздылығын атап өту үшін қазақтың ұлттық салт-дәстүрлеріне арналған кітаптар сыйға тартылды. Мұнымен қоса, мемлекеттік корпорация қызметі және интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық негіздері бойынша курсынан өткені туралы сертификаттар табысталды.

Айта кетейік, іс-шара ЦДИАӨМ қолдауымен өтті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: