Сейсенбі, 24 желтоқсан, 05:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда облысының көлдеріне тасқын суы жіберілді

06.05.2024

841 0

Сурет:baq.kz

Ұлытау облысынан Қызылорда облысының көлдеріне 839 млн текше метрден астам тасқын суы жіберілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Су тасқыны кезінде Ұлытау облысының Кеңгір су қоймасынан 839 млн текше метрден астам су жіберілді. Осының нәтижесінде, алғаш рет Кеңгір су қоймасынан жіберілген су Сарысу өзені арқылы Қызылорда облысының көлдеріне жетті.

Кеңгір су қоймасынан 307 млн текше метр су, Жезді су қоймасынан 81 млн текше метр су жіберілді, ал Сарысу өзеніндегі «Қызылжар темір жол станциясы» су бекеті арқылы 451 млн текше метр су келді.

Бүгінгі таңда Қызылорда облысының Телікөл көлдер жүйесінің қарқынды су жинағаны байқалады, бұл өңірдің ауыл шаруашылығына жағымды әсер етуі тиіс. Жиналған су одан әрі облыстағы күріш алқаптарына жіберілетін болады, – деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуәлиева.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: