Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда: Өңірлік журналистиканың медиаменеджент мәселелері талқыланды

11.12.2021

4150 0

Бүгін «Сыр медиа» ЖШС-де «Өңірлік журналистиканың медиаменеджмент мәселелері» тақырыбында семинар-тренинг өтті.Семинар-тренингке Қазақстан Журнилистер Одағы Түркістан филиалының төрағасы, «Егемен Қазақстан» газетінің Түркістан облысындағы меншікті тілшісі Ғалымжан Елшібай, «Tukistan media Holding» бас директорының орынбасары Тельман Бейсен, «Бас редакторлар клубы» ҚБ атқарушы директоры Әсем Есілбаева және аудандық газет редакторлары, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің журналистика кафедрасының оқытушылар мен студенттері қатысты.Шараға арнайы келген қонақтар әлеуметтік желідегі ақпараттардың шынайылығы, журналистикада сапалы контент жасау сынды мәселелер бойынша өз ойларын ортаға салды.«Журналистикадағы сапалы контент – сараптамалық материалды талдап, зерттеп жазу. Қазіргі таңда бүгін орын алған жағдайға байланысты ақпараттық сараптамалық мақала дайындау үшін бір апта немесе үш күніңіз кетуі мүмкін. Бірақ бұл материалыңызбен оқырманың назарын аудара алмайсыз. Себебі қазір тек жылдам ақпарат тарау керек», – деді Ғалымжан Елшібай.Семинар барысында «Tukistan media Holding» бас директорының орынбасары Тельман Бейсен басылымға сапалы контент жасау үшін ең алдымен медиаменеджмент жақсы болу қажет екенін айтты. Сондай-ақ «Сыр медиа» ЖШС осы саланы үздік меңгерген мекемелердің алғашқыларының бірі екенін де ескертті.Семинар тренинг соңында аудандық газет редакторлары мен оқу орнының оқытушылары мен студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныс-пікірлер айтылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: