Газ жабдығының ақаулығы немесе газдың иісі пайда болған кезінде аспапты пайдалануды дереу тоқтату қажет, плитадағы крандарды және баллондағы вентильді немесе редуктордағы жалаушаны жабу, «104» телефон нөміріне хабарлап, авариялық қызметті шақыру және үй-жайды мұқият желдету қажеттігін ескертеді.
Бұл уақытта ашық отты пайдаланбаңыз, электр аспаптары мен электр жарығын қоспаңыз және сөндірмеңіз.Есіңізде болсын! Сіз пәтер ішіндегі газ жабдықтарының жарамдылығы үшін жауап бересіз.Тұрмыста қолданылатын газдың жарылыс қаупі бар екенін ұмытпаңыз, көрсетілген қауіпсіздік қағидаларын сақтаңыз, өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!
Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!