Бейсенбі, 18 қыркүйек, 23:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№70, 2183
16.09.2025
PDF мұрағаты

Қызылорда қаласындағы 5547 әскери бөлімінде оқу-әдістемелік жиын өтті

06.08.2025

327 0

Қызылорда қаласының 5547 әскери бөлімінің қызметкерлері және ҚАЖ департаментінің №60 мекемесі бастығының орынбасары әділет подполковнигі Алтынбек Тұрарбекұлы қатысуымен оқу-әдістемелік жиын ұйымдастырылды.

Жиынның басты мақсаты жас сарбаздармен жұмысты жүйелеу және олардың моральдық-психологиялық жағдайын тиімді басқару жолдарын үйрету болды. Атап айтқанда, жас толымды сапқа қосу кезіндегі бастапқы дайындық, психологиялық бейімделу, сарбаздардың ішкі тәртібі мен тәртіптілігін арттыру бағытында жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында аға буын өкілдері жас сарбаздарға ақыл кеңес айтты. Жиын соңында жас сарбаздар алған білімдерін тәжірибе барысында қолдану жолдарын пысықтап, өзара пікір алмасып, бірқатар ұсынымдар қабылдады. Мұндай іс-шаралар жас сарбаздардың әскери қызметке тез бейімделуіне септігін тигізетіні сөзсіз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: