Жұма, 13 маусым, 13:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№42 – 2155
10.06.2025
PDF мұрағаты

Қызылорда қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтары: Уақыты мен мекенжайы туралы маңызды ақпарат

12.06.2025

134 0

Қызылорда қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу бұрынғыдан да жеңіл әрі ыңғайлы бола түсті. Қала аумағында 3 Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) және 1 Мамандандырылған ХҚКО үздіксіз жұмыс істеп тұр. Әрбір орталық тұрғындардың қажеттіліктеріне сай қызмет көрсетіп, азаматтардың уақытын үнемдеуге бағытталған.

Қызмет көрсету орындарының орналасқан мекенжайлары төмендегідей:

          •         Ғ.Мұратбаев көшесі, 2Е – қала орталығына жақын, тұрғындар жиі келетін негізгі орталықтардың бірі;

          •         Астана даңғылы, 46 – бұл жерде орналасқан ХҚКО цифрлы форматта қызмет көрсетіп, заманауи технологияларды қолдануымен ерекшеленеді;

          •         Ұ.Қараманов көшесі, 98 – халыққа кең ауқымды қызмет көрсететін тағы бір орталық;

          •         Тасбөгет кенті, Жаңадария шеткелі, 91 – Мамандандырылған ХҚКО, көлікке қатысты қызметтерге сұранысы жоғары тұрғындар үшін ыңғайлы орын.

Барлық ХҚКО-лар дүйсенбі мен жұма аралығында, таңғы 9:00-ден кешкі 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Алайда, жұмысбасты тұрғындардың қажеттілігін ескере отырып, Қызылорда қаласында екі кезекші ХҚКО жұмыс істейді. Олар –:

          •         Цифрлы ХҚКО (Астана даңғылы, 46)

          •         Мамандандырылған ХҚКО (Тасбөгет кенті, Жаңадария шеткелі, 91)

Аталған орталықтардың ерекшелігі – ұзартылған жұмыс уақыты. Олар дүйсенбі-жұма күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін, ал сенбі күні 9:00-ден 13:00-ке дейін қызмет көрсетеді. Бұл – демалыс күндері де мемлекеттік қызмет алуға мүмкіндік беретін үлкен жеңілдік.

Бүгінгі цифрлық дәуірде азаматтарға уақытты тиімді пайдалану мен сапалы қызмет алу маңызды. Қызылордалық ХҚКО-лар осы талаптарға сай жұмыс істеп, халыққа қолжетімді, ыңғайлы әрі жылдам қызмет көрсету арқылы өз миссиясын ойдағыдай атқаруда.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: