Дүйсенбі, 18 тамыз, 21:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№61,2174
16.08.2025
PDF мұрағаты

Қызылорда қаласындағы JAC ресми дилерінің бәсекеге қарсы тәжірибесі тоқтатылды

18.08.2025

50 0

БҚДА Қызылорда облысы бойынша департаменті JAC маркалы автокөліктердің Қызылорда қаласындағы ресми дилері – «DCG ORDA» ЖШС қызметіне қатысты тұрғындардан келіп түскен өтінішті қарады.

Автосалон мен сатып алушы арасында жасалған шарттарда техникалық қызмет көрсетуді тек «DCG ORDA» ЖШС-нің сервистерінде ғана жүргізу міндеттелгені анықталды. Бұл талап орындалмаған жағдайда – кепілдік тоқтатылатын болған. Мұндай шарт тұтынушылар құқығын шектеп, нарықтағы бәсекелестікке кедергі келтірген. 

Анықталған бұзушылықтарды жою және мұндай тәжірибені тоқтату туралы департамент «DCG ORDA» ЖШС-не тиісті хабарлама жолдады.

Компания хабарламада көрсетілген талаптарды белгіленген мерзімде толық орындады.

ҚР Бәсекелестікті қорғау
және дамыту агенттігінің
Қызылорда облысы
бойынша департаменті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: