Бүгін аймақ басшысының тапсырмасымен облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов қаладағы жылу беру маусымына дайындық барысымен танысты.

Алдағы жауапты науқанға дайындық бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес жүргізілуде.

Қызылорда жылу-электр орталығында 1 генератор мен 4 күштік трансформаторды жаңғырту жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ, 10 бу қазандығы мен 20 автономды қазандық жөндеуден өтті.

Желілерді жаңғырту мақсатында Қызылорда қаласында 6 жоба іске асырылуда. Жұмыс жылу беру маусымына дейін толық аяқталып, 81 мыңнан астам қала тұрғыны жылу энергиясымен тұрақты қамтылатын болады.Бүгінде орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 909 көпқабатты тұрғын үй мен 1079 әлеуметтік нысан толық дайын.

Алдағы маусымға 139 мың тонна көмір керек, оның 117 мың тоннасы халықтың, 22 мың тоннасы әлеуметтік нысандардың қажеттілігі. Өңірлік операторлар көмір қорын жасақтау жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес жүргізіп келеді.
Жалпы, жылу беру маусымына дайындық облыс әкімдігінің тұрақты бақылауында.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!