Қызылорда облысы бойынша Қазынашылық департаменті өткен жылы 903 мемлекеттік мекемеге, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекеттік сатып алу жүйесіне, сондай-ақ білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры мен қаржылық және қаржылық емес қолдау операторларының шоттарына қызмет көрсетті. Одан бөлек, 700 мыңға жуық қаржылық құжат қабылданып, оның 665 мыңы өңделді. Ал 16 515 құжат ресми хат арқылы орындаусыз кері қайтарылды. Бұл туралы департамент басшысы Қалмұханбет Байсариев мәлімдеді.
– Жыл қорытындысы бойынша департаменттің кіріс және шығыс құжат айналымы 20 529 құжатты құрады. Өткен жылы департаментке және аудандық, қалалық қазынашылық басқармаларына жеке және заңды тұлғалардан барлығы 99 өтініш келіп түсті. Барлық арыз-шағымдар заңнама талаптарына сәйкес уақтылы қаралып, тиісті жауаптар берілді. Сонымен қатар ҚР Тілдерді дамыту мен қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында Қызылорда облысы бойынша Қазынашылық департаментінде іс жүргізу толықтай мемлекеттік тілде жүзеге асырылды,- деді Қалмұханбет Сапарбекұлы.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
