2021 жылғы 12 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оған сәйкес, коронавирус бойынша 16 өңір – «қызыл», 1 өңір «сары» аймақта орналасқан.
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.
«Сары» аймақта: Түркістан облысы.
Айта кетейік, 11 тамыз күні Түркістан облысы «қызыл» аймаққа өткен болатын.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!