Жексенбі, 15 наурыз, 15:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№19 (2231)
14.03.2026
PDF мұрағаты

Қызылорда жастары «Мен алғаш рет дауыс бердім» атты ерекше фотоаймағында

15.03.2026

49 0

Фото: Қызылорда облысы

Республикалық референдумда Қызылорда облысының жастары «Мен алғаш рет дауыс бердім» акциясына белсенді қатысып, азаматтық жауапкершіліктің жоғары үлгісін көрсетті.

Қызылорда жастары «Мен алғаш рет дауыс бердім» атты ерекше фотоаймағында
Қызылорда жастары «Мен алғаш рет дауыс бердім» атты ерекше фотоаймағында

Өңір жастары, әсіресе ауыл жастары, қоғамдық маңызы зор саяси науқанға ерекше қызығушылық танытып, өз таңдауларын жасауға асыға келгені байқалды.
Облыс бойынша референдум күні 36 жас 18 жасқа толып, алғаш рет дауыс беру құқығына ие болды. Олар референдум учаскелерінде арнайы ұйымдастырылған фотозонада естелік суретке түсіп, ерекше көңіл-күй мен қуанышты эмоцияларын бөлісті. Олардың қатарында Жас сайлаушылар клубының мүшелері де бар.

Жас дауыс берушілердің айтуынша, бұл күн олардың өміріндегі маңызды белес болды.

«Бүгін алғаш рет дауыс беріп, өз таңдауымды жасадым. Бұл — мен үшін үлкен жауапкершілік әрі мақтаныш», — деді жас қатысушылардың бірі. Ал тағы бір жас: «Болашағымызға бейжай қарамай, өз пікірімізді білдіру — әрбір жастың міндеті деп ойлаймын», — деп атап өтті.


Айта кетейік, дауыс беру 20.00-ге дейін жүзеге асады.

Қызылорда жастары «Мен алғаш рет дауыс бердім» атты ерекше фотоаймағында
Қызылорда жастары «Мен алғаш рет дауыс бердім» атты ерекше фотоаймағында
Қызылорда жастары «Мен алғаш рет дауыс бердім» атты ерекше фотоаймағында

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: