Сенбі, 07 маусым, 17:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№41 -2154
03.06.2025
PDF мұрағаты

Қызылорда жастары театрдан неге алыстап барады?

22.05.2025

51 0

Қоғамның рухани деңгейін өлшейтін құралдың бірі – театр. Театр – тек қойылым көрсететін орын емес, ол адамның ішкі жан дүниесіне әсер етіп, өмірге басқа көзқараспен қарауға жетелейтін мәдени орталық. Бірақ бүгінгі Қызылорда жастары театрға қаншалықты жақын?

Қалада белгілі Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театры жұмыс істейді. Бұл ұжым – Сыр елінің мақтанышы. Олар жыл сайын түрлі жанрда сапалы қойылымдар ұсынады. Өз қойылымдарымен жас буынды өздеріне қарата алған Жастар театры да бар.

Қаламыздың жастарынан өзіміздің театрлар жайлы ойларын, қойылым жайлы пікірлерін білу мақсатында кішігірім сұхбат жүргіздім.

  1. «Театрға қаншалықты жиі барасыз?» – деген сұрақ қойдым Алия есімді қызға.

– Иә, жиі барамын. Соңғы тамашалаған қойылымым – “Кездесу мен қоштасу”. Маған ұнады, – деді ол.

  • Алинұр есімді жас жігітке де осы сұрақты қойдым.

– Театр маған қызық емес. Театр – үлкен кісілердің баратын жері, – дейді ол.

Бұл жауаптардың артында терең мәселе жатыр: қазіргі заманның жас буыны театрдың құндылығын толық сезінбейді. Көпшілік театрды тек міндетті шара деп қабылдайды. Ал театр – бұл мәжбүрлік емес, жанға азық.Тағы бір маңызды мәселе – жастар кітап оқымайды. Театрда қандай қойылым болатынын, оның не жайлы екенін жастар білмейді. Себебі рухани қызығушылық төмен.Шындығында, театр – жас адамның ой-өрісін кеңейтетін, тілді байытатын, өмірдің мәнін ұғындыратын орын. Бір қойылым кейде бір кітаптың әсерінен де күштірек болуы мүмкін. Ал біз бұл мүмкіндіктен өзімізді алыстатып жатырмыз.

Қазір театрға бару сән емес шығар, бірақ ол – қажеттілік. Егер бүгінгі жас сахнадағы өмірді көрмесе, ертеңгі қоғам сахна сыртында қалуы мүмкін. Театрға оралу – бұл тек мәдени таңдау емес, рухани қайта өрлеу.

Маман Сымбат,

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің

Журналистика мамандығының 1-курс студенті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: