Сенбі, 07 маусым, 23:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№41 -2154
03.06.2025
PDF мұрағаты

Қызылордада 120-дан астам киікті атқандар ұсталды

09.03.2025

290 0

Фото: Қызылорда облысы ПД

Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері 6 наурыз күні күдік туғызған «Volkswagen Crafter» көлігін тоқтатып, тексерген кезде ішінде киікке ұқсас 39 жануар ұшасы болған.

— Оған қоса, хабарламаға сәйкес тұрғын үйді тексеру барысында тағы осындай 84 жануардың ұшасы, 14 бас бөлігі, 6 терісі табылды. Күдікті ретінде облыстың 3 тұрғыны уақытша ұстау изоляторына қамалды, — деді департамент бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Серік Тоқтыбаев.

Осыған байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталып, сараптамалар тағайындалды. Қылмыстың мән-жайы соның нәтижесінде белнілі болады.

Еске салайық, осыған дейін Қызылорда облысында браконьерден 14 қап киік еті тәркіленген еді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: