Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 08:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада 150 отбасы баспаналы болды

08.04.2024

455 0

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласы Жаппасбай батыр көшесіндегі көпқабатты үйден 150 отбасыға пәтер кілтін табыстады. Аймақ басшысы жиналған жұртшылықты қоныстоймен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде «Баспана – жұрттың тұрмыс сапасын танытатын тағы бір маңызды көрсеткіш. Жеңілдетілген жаңа ипотеканың енгізілуі және жалға берілетін тұрғын үйдің көптеп салынуы құрылыс қарқынын арттырады. Құрылыс саласында жүз мыңдаған отандасымыз адал еңбек етіп жүр. Ең бастысы, бұл бағдарлама баспанаға мұқтаж көптеген адамның үй алуына жол ашады», – деп атап өткен болатын.

Халықтың аз қамтылған тобына баспана беру, қамқорлық көрсету – еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарының негізгі басымдығы. Өңірде бұл бағытта тындырымды тірлік атқарылуда. Өткен жылы аймақта 4 108 пәтерлік 300 тұрғын үй салынды. Нәтижесінде 2 400-ге жуық пәтер табысталып, 11 мыңнан астам тұрғынның баспана мәселесі шешімін тапты. Биыл бюджет қаражаты есебінен 13,3 млрд. теңгеге 1 269 пәтерлік 67 тұрғын үй құрылысы жүргізіледі. Алдағы уақытта бұл көлем тағы да ұлғаймақ. Жыл басынан бері 252 отбасы баспаналы болған еді, бүгін міне, өздеріңіздің қатысуларыңызбен 150 отбасы қоныс тойын тойлайды. Ендігі аптада «Сыр жастары» жеңілдетілген ипотекалық несие бағдарламасымен тағы да 60 шақты жас отбасыға баспана кілті табысталады», – деді облыс әкімі.

Айта кетейік, бүгінгі пәтерлер мүгедектігі бар азаматтарға, толық емес отбасыларға және жетім балаларға берілді. Жаңа 60 және 90 пәтерлік көпқабатты тұрғын үйлерді «Сәт Сервис» және «СК Дәнекер» ЖШС салды.

Рәсімде Айсулу Ошпанова қоныстой иелері атынан қуанышын жеткізіп, құрылыс саласының ардагері Ақмұрат Мадияров ақ батасын берді. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан тұрғындар мен құрылысты сапалы салуға атсалысқан мердігер мекеме қызметкерлері марапатталды.

Қазір Қызылорда қаласы мен елді мекендерде бой көтерген әлеуметтік нысандардың сәулетті, сапалы және үйлесімді болуына баса назар аударылады. Жаңа құрылысқа қойылатын талаптардың бұлжытпай орындалуы да қатаң бақылауда. Бүгінде сол жағалаудан 300 орындық жатақханасы бар 400 орындық физика-математика мектеп-интернаты бой көтеруде. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында биыл 10 мектеп ел игілігіне табысталады, тағы 11-нің құрылысы басталады. Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығын шыңдау мақсатында «Шығармашылық академиясы», Жаңақорған, Шиелі аудандарында Оқушылар үйі мен Өнер мектептері салынады. Өткен жылы «Отбасы орталығы» және «Анаға тағзым» орталығы өз қызметін бастады. Жақында 1000 орындық «Өнер орталығы» салтанатты түрде ашылса, сол жағалаудан жаңа өлкетану музейі бой көтермек.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: