Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше «Жасөспірім» жедел профилактикалық іс-шарасының 2 күнінде 124 түрлі әкімшілік хаттама рәсімделіп, 4 жасөспірім ішкі істер органдарының есебіне алынған. Панасыз қалған 2 жасөспірім кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жеткізіліпті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әкімшілік кодекстің 127-бабымен балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін 22 ата-анаға хаттама толтырылған. Кодекстің 132 және 423-1-баптары бойынша бір-бірден құқық бұзушылық анықталды. Кәмелетке толмаған 5 баланың бұзақылық жасағаны белгілі болып, олардың заңды өкілдері жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ, түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде сайрандап жүрген 90 кәмелетке толмаған бала анықталған. Бала тәрбиесіне салғырт қарағаны үшін 8 ата-ана кәмелетке толмағандардың ата-аналары мен заңды өкілдерінің профилактикалық есебіне алынған.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!