Сәрсенбі, 18 желтоқсан, 08:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№99 (2109)
14.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада 500-ші салтанатты рәсім өтті

17.12.2024

119 0

Бес жүзінші салтанатты рәсім Қызылорда қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу ғимаратында өтті. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалы хабарлайды.

Салтанатты рәсімдерді өткізу тәжірибесі өңірде осы жылдын 1 маусымында енгізілді. Осы уақыт ішінде мұнда отбасылық өмірдің мерейтойларын, туу туралы куәліктерді тапсыру және зейнеткерлерді лайықты демалысқа шығуымен құттықтау сияқты көптеген маңызды іс-шаралар өтті. Мерейтойлық 500-ші рәсім Асылжан мен Жаннаның некесін салтанатты түрде тіркеу болды.

«Біз некені салтанатты жағдайда тіркеуге мүмкіндік бар екенін білдік және бірден салтанатты рәсім күнің белгіледік. Біз үшін осы маңызды күнге туыстарымыз бен жақындарымызды шақыру, сондай-ақ естелік фотосессия ұйымдастыру өте маңызды болды. Біз бұл күннің өмір бойы есте қалуын қаладық», – дейді жас жұбайлар.

Естеріңізге сала кетейік, некені тіркеуге өтінішті АХАТ басқармасында немесе электрондық үкімет порталы арқылы беруге болады. Өтінімді қарау мерзімі – 15 жұмыс күні.

Айта кетейік, барлық салтанатты рәсімдер Қызылорда қаласы С.Бейбарыс көшесі, 1А мекенжайы бойынша өтуде.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: