Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 04:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада 560 тұтынушының құқығы бұзылды

16.02.2022

987 0

Былтыр 560 тұтынушының құқығы бұзылды. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 2,6 есеге артық. Аталған өтініштердің 72,1 пайызы бөлшек сауда саласына қатысты.

Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР сауда және интеграция министрлігі тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Ерқасым Сүлейменов мәлімдеді.

Тұтынушылардан келген 452 өтініш заңға сәйкес қаралып, 25 арыз мемлекеттік органдарға жолданды. Нәтижесінде 2,3 млн теңге көлеміндегі қаржы тұтынушыларға кері қайтарылды. Жалпы азаматтардан келетін өтініштердің басым көпшілігі бөлшек сауда мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтері және электронды саудаға қатысты.
Сондай-ақ, 2021 жылы халықаралық тұтынушылардың құқықтарын қорғау күніне орай «Пластикалық ластанумен күресу» атты іс-шара өткізілді. Шара барысында сауда үйлерінде ақпараттық акциялар өткізіліп, тұрғындарды мазалаған сұрақтарына жауап берілді. Алдағы уақытта департамент тарапынан тиісті шаралар қаралатын болады, – деді Ерқасым Сүлейменов.

Айта кетейік, биыл «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау» мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Бұл ретте уәкілетті органмен заң жобасы әзірленіп, тиісті мекемелермен бірге талқылануда.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: