Жұма, 18 сәуiр, 11:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№27, 2140
15.04.2025
PDF мұрағаты

Қызылордада А және А1 санатындағы жүргізуші куәліктерін алу емтихандарының кестесі белгілі болды

10.04.2025

302 0

“Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облыстық филиалы PR-маманың хабарлауынша А және А1 санаттарындағы жүргізуші куәліктерін алуды жоспарлап отырған қызылордалықтар үшін бекітілген емтихан кестесіне назар аудару маңызды. Ағымдағы жылдың сәуір айында емтихандар екі рет — 11 және 25-ші күндері өткізіледі.

Білу маңызды:

  • Емтиханға жазылу тек жеке жүгінген кезде ғана жүзеге асырылады. Онлайн тіркелу немесе телефон арқылы жазылу қарастырылмаған. Бұл талап рәсімнің ашықтығы мен объективтілігін арттыруға бағытталған.
  • Жеке көлікте емтихан тапсыруға мүмкіндігі шектеулі жандарға ғана рұқсат етіледі. Қалған үміткерлер емтихан орталығы ұсынған көлікті пайдаланады.

Емтихандар белгіленген нормалар мен талаптарға сәйкес қатаң түрде өткізіледі. Қажетті құжаттардың тізімін алдын-ала нақтылау, сондай-ақ сәтті тапсыру мүмкіндігін арттыру үшін алдын-ала дайындықтан өту ұсынылады.

Мекен-жайы: Тасбөгет кенті, Жаңадария шатқалы ғимараты.91

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: