Жұма, 26 қыркүйек, 18:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№72, 2185
23.09.2025
PDF мұрағаты

Қызылордада әдеп жөніндегі уәкілдердің республикалық форумы өтті

26.09.2025

62 0

Бүгін Қызылордада Әдеп жөніндегі уәкілдердің республикалық форумы өтті. Форум жұмысына облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай, Парламент Сенатының депутаты Наурызбай Байқадамов, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Азамат Жолманов қатысты.

Сонымен қатар, басқосуда аймақтың жауапты сала басшылары, агенттік қызметкерлері, орталық мемлекеттік органдар мен өңірлердің, қала, аудан әкімі аппараттарының, облыстағы мемлекеттік органдардың әдеп жөніндегі уәкілдері, әдеп жөніндегі кеңес мүшелері, зиялы қауым өкілдері де болды.

Н.Нәлібаев облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жетістіктерді атап өтіп, форум жұмысына сәттілік тіледі.

«Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң тенденция қалыптасты. Өңіріміз негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша республикада алғашқы орындарда. Мемлекет басшымыз «Әділетті Қазақстанды құру үшін әрбір қызметшінің отаншыл, адал болуы және өз ісіне жауапкершілікпен қарауы өте маңызды», – деп атап өткен болатын. Халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған ұлттық жобаларды жүзеге асыруда, қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды рөлді мемлекеттік қызметшілер институты атқаруда. Агенттік мемлекеттік қызметтің сервистілік, клиентке бағдарлану қағидаттарына негізделген моделін қалыптастыру, кәсібилендіру, билік институттарын дамыту бағытындағы жұмыстарға бастамашы болып келеді. Бүгінгі жиынның маңыздылығын ескеріп, форум барысында тиімді ұсыныстар мен байыпты бастамалар талқыланатынына сенімдімін», – деді Н.Нәлібаев.

Д.Жазықбай мемлекетке қызмет ету – ең құрметті әрі аса жауапты міндет екенін айтып, маңызды бастамаларға тоқталды.​

«Барлық құзырлы органдар арасында ортақ көзқарас пен ұстаным болуға тиіс. Бұл – ешқандай құқықбұзушылыққа жол бермеу, яғни, кез келген заңсыздыққа қарсы тұру деген ұстаным.

Мемлекет басшысының бастамаларын сапалы жүзеге асыруда мемлекеттік қызметшілер шешуші рөл атқарады», – деді агенттік төрағасы.​

Жиында Н.Байқадамов «Мемлекеттік қызметшілерді адамдардың құқыққа қайшы әрекеттерінен қорғау», А.Жолманов «Мемлекеттік қызметтің құндылықтары: Антқа адалдық» тақырыбында баяндама жасады.​

Сондай-ақ, аймақтың өркендеуі жолында елеулі еңбек еткен мемлекеттік қызметкерлер ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Үздік сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуші» грамотасымен, агенттік төрағасының Алғыс хатымен марапатталды.

Форумның екінші бөлімінде мемлекеттік қызметшілердің ​Әдеп кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, профилактика қызметі туралы мәселелер талқыланған панельдік сессия өтіп, Әдеп жөніндегі уәкілдердің өткен жылғы және биылғы бірінші жартыжылдықтағы жұмыс нәтижелеріне жасалған талдау қорытындыланды.Айта кетейік, бүгінде аймағымызда 3 300-ден астам мемлекеттік қызметші бар. Оның 1800-ден астамы жергілікті атқарушы органдарда еңбек етуде. Биыл 700-ге жуық азаматтың мәселелері тыңдалып, тиісті тапсырмалар берілді. Бірінші жартыжылдықта 3 млн-нан астам мемлекеттік қызметтің 99,3 пайызы электронды түрде көрсетілген.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: