Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 21:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада әйелін қатігездікпен өлтірген қылмыскерге көмектескен полицей сотталды

19.08.2023

492 0

Қызылордада полиция қызметкері Ерсұлтан Қуанышбайға қатысты үкім шықты. Ол үш баланың анасы Ажар Шадиеваның өліміне қатысты істе қызметтегі әрекетсіздігі үшін айыпталған. Ерсұлтан Қуанышбай бес жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Айта кетсек, оқиға 2022 жылдың 3 тамызында болған. Өзінің туған күнінде 27 жастағы Ажар Шадиева жұбайы Руслан Отарбаевпен жанжалдасып қалады. Ер адам әйелін әуелі кеш өтіп жатқан клубтың ішінде, одан кейін көшеде аяусыз ұрған. Салдарынан Шадиева көз жұмған. Наурыз айында Отарбаев 12 жылға сотталды.

Қаза тапқан әйелдің туыстары 15 полиция қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғауды талап еткен болатын. Марқұмның жақындарының айтуынша, олар мүмкіндіктері бола тұра қылмыстың алдын алмаған.

Бұған дейін Қуанышбайдың Отарбаевтың досы болғаны белгілі болған. Шадиева өлтірілген түні полиция қызметкері «қылмыскерге белсенді түрде көмектескені» айтылған.

Қызылорда № 2 сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, сот оқиға орнында кезекші болған сотталушы К. болған тәртіпсіздіктерге қарамастан оларды әкімшілік жауапкершілікке тартпаған. 

«Ол өзіне берілген міндеттерді орындамады. Қылмыстық жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін жағдайлар жоқ. Өзі қабылдаған кәсіптік антты бұзған адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы ауырлататын мән-жай деп танылды. Сотталушы К.кінәлі деп танылып, оған бес жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, ол өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан айырылды», – деп қосты сот.

«Ол өзіне жүктелген қызметтік міндеттерін орындамады. Жас әйелдің өліміне әкеп соқтырған қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын қолданбаған. Сотталушының кінәсі жәбірленуші мен куәгерлердің айғақтарымен, хаттамалармен, жол полициясын жедел басқару орталығының бейнежазбасымен, түрлі сараптамалардың қорытындыларымен, ұялы телефоннан қоңырауларымен және іс бойынша жиналған басқа да материалдармен расталды», – деді соттың баспасөз қызметі.

Мемлекеттік айыптаушы соттан сотталушы К. – ны 6 жылға бас бостандығынан айыруды талап етті. Жәбірленушінің өкілі мен оның қорғаушысы 7 жылға бас бостандығынан айыруды, материалдық және моральдық зиянды өтеуді сұрады. 

«Қылмыстық жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін жағдайлар жоқ. Өзі қабылдаған кәсіптік антты бұзған адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы ауырлататын мән-жай деп танылды. Сотталушы К.кінәлі деп танылып, оған бес жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, ол өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан айырылды», – деп қосты сот.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: