Қызылорда облысындағы ауылдардың бірінде 26 жастағы жергілікті тұрғын әйелін аяусыз ұрып-соққан. 21 жастағы қыздың мәйіті өз үйінен табылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
26 жастағы қызылордалық 21 жастағы әйелін ұрып өлтірген. Қылмыс жасағаннан кейін ол оқиға орнынан қашып кеткен.
Жергілікті полиция күдіктіге іздеу салып, кейін оның ұсталғанын хабарлаған.
«Қазіргі уақытта бұл іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу жүріп жатыр. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу жалғасуда», деді Қызылорда облысының полиция департаментінен.
Тергеу мүддесі үшін оқиғаның басқа мәліметтері жарияланбайды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!