Қызылордадағы Достық үйінің концерт залында ҚХА-ның 30 жылдығы аясында және «Мың бала» жобасы шеңберінде алғашқы облыстық «Ассамблея аруы – 2025» сұлулық байқауы ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты — этнос жастары арасындағы бірлікті нығайту, мемлекеттік тілді дәріптеу және ұлттық мәдениетті насихаттау.
Байқауға 17–27 жас аралығындағы 8 ару қатысып, 4 кезең бойынша өнер көрсетті:
Таныстыру, Білім мен парасат, Ұлттық киімдер дефилесі, Шығармашылық өнер.

Нәтижелер:
• Бас жүлде (100 000 тг) — Лидия Мясцова (Сырдария ауданы, славяне этносы)
• І орын (70 000 тг) — Сабина Мурадова (Байқоңыр, әзірбайжан этносы)
• ІІ орын (50 000 тг) — Гульбахор Искакова (Қызылорда, өзбек этносы)
• ІІІ орын (30 000 тг) — Нұржайна Джурабаева (Қызылорда, тәжік этносы)
Қатысушыларға арнайы номинациялар мен сыйлықтар табысталды.
Бұл байқау этнос жастарының мәдени өзара байланысын нығайтып, мемлекеттік тіл мен ұлттық құндылықтарды дәріптеудің жаңа форматта жүзеге асқан жобасы болды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!