Жексенбі, 24 қараша, 18:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада алғашқы дән себілді

21.04.2022

893 0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиевпен және бірқатар зиялы қауым өкілдерімен бірге егіс алқабында алғашқы дән себу шарасына қатысты.

Шиелі ауданындағы «Ақмая» шаруашылығының егіс алқабында өткен жиын «Дала күні» семинар-кеңесімен жалғасты.

Аймақ басшысы ел қамбасының астыққа толуын, мол өнім алуды тілеп, шаруа азаматтарының еңбегі нәтижелі болуын тіледі.

«Дала күні» семинар-кеңесі барысында ауылшаруашылығы саласындағы өзекті мәселелер сөз болып, шаруа қожалық иелері ортақ мәселелерді талқылады. Бірқатар басқарма басшылары мен аудан әкімдері егін егу бағытында баяндама жасап, алдағы іске асатын жоспарларын тізбектеді.

Биылғы жылы өңірде 185,6 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру межеленген. Оның ішінде дәндi дақылдар 90,8 мың гектарды, майлы дақылдар 5,3 мың гектарды, мал азықтық дақылдар 70,0 мың гектарды, картоп, көкөнiс, бақша 19,4 мың гектарды құрайды.

Негізгі дақыл – күріш егу мен оны суға бастыру жұмыстары ауа райы жағдайына байланысты облыс шаруашылықтарында ішінара басталса, бүгіннен бастап жаппай кіріскелі отыр. Күріш егу және суға бастыру жұмыстарын мамыр айының 30 дейін бітіру жоспарланып отыр. Ал, картоп, көкөніс, бақша, жүгері және тағыда басқа дақылдарды егуді оңтайлы мерзімдерін сақтай отырып, мамыр айының үшінші онкүндігі мен маусым айының бірінші онкүндіктерінде аяқталатын болады.

Аймақ басшысы Сыр маржанының көлемін мейілінше қысқартпай, егін науқанына қатысты нақты міндеттерді жүктеді.

– Аймағымыз бірден-бір күрішке бейімделген, халқы осы кәсіпке маманданған ел, оның үстіне күріш егілмесе топырақ тұзданып, инженерлік жерлерден айырылып қаламыз, сондықтан мейлінше күрішті қысқартпауға тырысамыз. Сыр дихандарына ата кәсібін жалғастыруға мүмкіндік жасап, азық-түлік өндіру көлемін арттыру басты бағытымыз болмақ.

Биыл ауылшаруашылық дақылдарының көлемін оңтайлы мерзімінде егілуін, көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыруды ұйымдастырып, қажетті тұқым, минералды тыңайтқыштар, жанар-жағармай және қосалқы бөлшектермен қамтамасыз етілуін қадағалау қажет. Себілетін күріш тұқымының сапасын анықтау үшін зертханалық зерттеуден толық өткізуді қамтамасыз етіп, егіске су алуды келісілген кестеге сәйкес ұйымдастыруды тапсырамын, -, деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Мұнымен қоса, облыс әкімі су жолдарының, су насостары мен гидротехникалық құрылыстардың, су бекеттерінің толық дайындығын және вегетациялық кезеңде кестеге сай су мөлшерімен қамтамасыз етуді ұйымдастыруды, егіске қажетті судың белгіленген лимитке сәйкес алынуын тапсырды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: