Бейсенбі, 26 желтоқсан, 17:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

29.07.2022

1069 0

Достық үйінде Қызылорда облыстық Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Оған Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бақытжан Камалов, Аналар кеңесінің төрайымы Рахима Ахметова, облыстық, аудандық Аналар кеңесінің төрайымдары мен мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.

Қызылорда облыстық ҚХА Аналар кеңесінің екінші жартыжылдық жоспары талқыланып, аналар Кеңесі мүшелерінің ақпараты тыңдалып, ұсыныстар мен ұсынымдар енгізіліп, облыстық, аудандық аналар форумын өткізу мәселесі мен «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасын жүзеге асырылуы айтылып, кеңестің жұмыс жоспары бекітілді.

«Бүгінде Аналар кеңесі – облыс орталықтарынан ауылдарға дейін жеткен үлкен ұйым. Аналар кеңесінің алдында тұрған жұмыстар өте көп және сан алуан. Кеңес өкілдері біздің облыста болып жатқан барлық іс-шараларға, саяси-идеялық, әлеуметтік-мәдени жұмыстарға белсенді қатысады. ҚХА Аналар кеңесінің мақсат, міндеттері тек игілікті істермен айналысу»,-дейді Аналар кеңесінің төрайымы Рахима Ахметова.

Шарада сөз алған «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бақытжан Камалов «Ана– қасиетті сөз. Отанды анаға теңейміз, тілді де ана тілі дейміз. Отбасының шегесі – аналар. Отбасы берекелі болса, мемлекеттің іргетасы мықты болады. Ұлтты тәрбиелейтін ана. Әсіресе қазіргі әлеуметтік жүйелер заманында ананың атқарар ісі де ұшан-теңіз. Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан Аналар кеңесінің құрылу мақсаты қоғамдық мәселерді шешуге атсалысу»,-дей келе, бірқатар аудандық кеңес төрайымдарына Алғыс хат табыстады.

Мұнан соң республикалық «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасы аясында атқарылған жұмыстардың көрінісі ретінде «Аналар кеңесі – игілікті істің төрінде» бейнеролигі қатысушылардың назарына ұсынылды.

Кеңейтілген отырыстан соң «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығының» директоры Жандос Тұсмағамбетов «Коммуникативтік байланысты орнату – жетістікке жетудің маңызды тетігі» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.

Қызылордада Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: