Дүйсенбі, 01 желтоқсан, 19:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№91 (2203)
29.11.2025
PDF мұрағаты

Қызылордада ауыл әкімдерінің Астанада өткен диалог-платформасының қорытындылары таныстырылды

01.12.2025

45 0


Бүгін «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы алаңында Астана қаласында «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен өткен ауыл әкімдерінің диалог-платформасының нәтижелеріне арналған баспасөз конференциясы өтті.

Қызылордада ауыл әкімдерінің Астанада өткен диалог-платформасының қорытындылары таныстырылды

Іс-шараға «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай, Қызылорда қаласына қарасты Қызылжарма ауылдық округінің әкімі Шәріп Әбдірахманов, сондай-ақ Сырдария ауданы Нағи Ілиясов ауылдық округінің әкімі Сағдат Нұрмағанбетов қатысты.
Партияның облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай диалог-платформаның мазмұны мен негізгі бағыттары, талқыланған мәселелер мен қабылданған шешімдер туралы ақпарат берді.


«Бұл платформа – ауылдарды дамыту, ауыл әкімдері институтының жұмысын жетілдіру, ауылдық жерлердегі өмір сапасын арттыру, ауыл әкімдерінің өзара тәжірибе алмасуы, сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы билік арасындағы өзара іс-қимылды нығайту, ауылдық аумақтардың тұрақты дамуына бағытталған бастамаларды жүйелі ілгерілетуге бағытталды. Іс-шараға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы қатысып, ауылды өркендету, ауыл әкімдері институтын одан әрі жетілдіру, сондай-ақ еліміздің саяси және әлеуметтік – экономикалық дамуына қатысты жұмыстың негізгі 5 бағытын атады және Үкіметтен бастап, ауыл әкімдеріне дейін осы бағыттарды жүзеге асыру жөнінде нақты тапсырмалар берді»,- деді Жандос Базартай.


Филиал төрағасы Президент атап өткен партияның «Әкімдер мектебі» жобасына тоқталып өтті.


«Әкімдер мектебі» жобасы Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының базасында, оның облыстардағы және республикалық маңызы бар қалалардағы филиалдары арқылы іске асырылды. Бұл оқу курстарына өңірдегі 146 барлық ауылдық округтері қатысып білімін жетілдірді. Оқыту экономика, мемлекеттік басқару, бюджеттік жоспарлау, коммуналдық меншікті басқару, цифрландыру, тәуекел-менеджмент, кәсіпкерлікті дамыту және инвестициялар тарту саласында 17 модуль мен 240 академиялық сағатты қамтыды. Бүгінде ауыл әкімдері ауыл халқының табысын арттыру бағытында алған білімін қолдануда деп толық есептейміз»,-деді.


Төраға Президент айтқан әкімдердің өкілеттігімен қатар жауапкершілігін күшейту мәселесі бағытында партия тарапынан жасалып жатқан жұмыстарды атап өтті.


«Мемлекет басшысы Үкімет әкімдердің сайлау алдындағы бағдарламасының экономикалық бөлігіне қойылатын талаптарды айқындауыды тапсырды. Яғни, әкімдердің сайлауалды бағдарламалары аймақтың даму жоспарымен үйлесімін табуы керектігін айтты. Бұл өз кезегінде әкімдердің есептілігін күшейтеді және әкімдік қызметке өз үміткерлерін ұсынған партиялардың жауапкершілігін арттырады деді. Осы жерде атап өту керек, өңірімізде 146 ауылдық округ және 3 аудан әкімі «AMANAT» партиясынан сайланған. Олардың сайлауалды бағдарламалары партияның өңірлік сайлауалды бағдарламасымен үйлесімін тауып отырса, партияның облыстық сайлауалды бағдарламасы аймақтың даму жоспарына сай, (қала аудандарда дәл солай) және сайлау алдында халықтың талап – тілегі негізінде дайындалып жүзеге асырылып келеді. Сонымен қатар «AMANAT» партиясы атынан ұсынылып, сайланған әкімдердің сайлауалды бағдарламасының орындалуына партиялық бақылау жасалып, олардың есебі тыңдалып тұрады».
Баспасөз мәслихатында партия филиалы төрағасының ерекше тоқталып өткен мәселенің бірі Мемлекет басшысының 2029 жылға дейін «Ауыл аманаты» жобасына 600 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінетіндігі.
Ел Президенті ауылда ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытудың ерекшелігіне тоқталып, бұл жұмысты белсенді түрде қолға алу қажет екенін жеткізді. Ауылды дамыту үшін әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларының әлеуетін кеңінен пайдалану керектігінде айтты. Осы тұста ауылдағы ағайынның табасын арттыруға бағытталған «AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» жобасы өз кәсібін дамытқысы келетін ауыл тұрғындарына мол мүмкіндік беріп отырғандығына тоқталып, 2029 жылға дейін осы бағдарламаға 600 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінетіндігін айтып қуантты. Шынында «Ауыл аманаты» жобасы кәсіп бастаймын деген азаматтарға үлкен қолдау. Жоба аясында елімізде екі жылдың ішінде 20 мыңға жуық жұмыс орны ашылсы, оның 2 мыңға жуығы біздің өңірде. Алда қаржының қажетті жобаға бөлінуі мен мақсатты игерілуін қамтамасыз ету міндеті тұр. Бұған жоба авторы ретінде «AMANAT» партиясы да бақылау жүргізетін болады», – деді Жандос Базартай.


Баспасөз конференциясы барысында спикерлер Мемлекет басшысының төртінші деңгейлі бюджеттің дербестігін арттыру бағытында айтқан ұсыныс қолдап, өз округтерінде жүзеге асырылып жатқан жұмыстар мен алдағы міндеттер жөнінде баяндады.
Мәселен, Қызылжарма ауылдық округінің әкімі Шәріп Әбдірахманов, ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, цифрлық қызметтерді енгізу бағытындағы жоспарлармен бөліссе, Н.Ілиясов ауылдық округінің әкімі Сағдат Нұрмағанбетов Президенттің «Салықты жұмыс істейтін және табыс табатын жерде төле» қағидаты барлық ауыл әкімдері үшін ауылдың инфрақұрылымын жақсартуға немесе өзгеде мәселелерін шешуіне үлкен қолдау екенін жеткізді.
Брифинг қорытындысында спикерлар БАқ өкілдерінің сауалдарына жауап беріп, Астанада өткен диалог-платформада ұсынылған тәсілдер мен шешімдерді жергілікті жерде жүзеге асыруға дайын екенін айтты. Партия филиалы партия атынан сайланған әкімдерге консультативтік-әдістемелік қолдау көрсетіп, бастамалардың орындалуына ықпал етпек.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: