Кеше шаһар басшысы Нұржан Ахатов қаланың екі аймағында өткен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін аралап, аудан және ауылдардан қала тұрғындарына арзан әрі сапалы тауарды жеткізген тауар өндірушілерге алғысын білдірді.
Сонымен қатар, жәрмеңкедегі өнім сапасы мен бағасын бағамдап, жауапты сала басшыларына тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.
Айта кетейік қала шаруалары өз өнімдерін С.Толыбеков көшесінің бойына орналастырса, Шиелі ауданының шаруалары Тасбөгет кентіндегі орталық алаң аумағында шаһар тұрғындарына базар нарығынан 15-20 пайыз арзан бағада өнімдерін ұсынды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!