Қызылорда облысы тұрғындарының 97,8% орталықтандырылған және 2,1% орталықтандырылмаған су жүйесіне қосылған, ал тасымалды ауыз суды 0,1% тұтынады. Негізінен жер асты су көздері пайдаланылуда.
Бүгінгі таңда Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бақылауында 205 сумен жабдықтау объектісі бар, оның ішінде 171 орталықтандырылған жүйелердің су құбырлары және 34 орталықтандырылмаған сумен жабдықтау объектілері.
2022 жылдың 9 айында 139 орталықтандырылған сумен жабдықтау объектісі ерекше тәртіп бойынша тексерумен қамтылды. Микробиологиялық көрсеткіштерге 621 су сынамасы алынып, 103 сәйкессіздік анықталды. Талаптарға сай келмейтін су сынамалары Қазалы, Қармақшы, Жаңақорған аудандарынан анықталды. Тіркелген сәйкессіздіктердің үлес салмағы 16,5 пайызды құрады.
Ауыз судың санитариялық-химиялық көрсеткіштеріне 567 сынама алынып, 63 сәйкессіздік анықталды, сай келмейтін сынамалардың үлес салмағы 11 пайызды құрады. Сәйкессіздіктер табылған су сынамалары Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Шиелі аудандарынан және Қызылорда қаласынан анықталды. Санитарлық-химиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздік көбінесе сульфаттар, құрғақ қалдық, хлоридтер, кермектілік бойынша көрсеткіштердің нормадан жоғары болуына қатысты анықталды.
Анықталған кемшіліктер және ерекше тәртіп бойынша тексерулер қорытындысы бойынша 1 715 280 теңге көлемінде барлығы 24 айыппұл салынып, өндірілді, 8 санитариялық нұсқама берілді.
Облыс көлеміндегі барлық 171 орталықтандырылған сумен жабдықтау объектілерінде жуу тазалау және дезинфекциялау жұмыстары толығымен жүргізілді. Талапқа сай болмай шыққан объектілерден қайтадан ауыз су сынамалары алынып, сәйкессіздік анықталмады. Халық арасында су факторына байланысты аурушаңдық тіркелген жоқ.
Қызылорда облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау
департаментінің баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!