Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
Әлеуметтік желіде жергілікті Instagram-парақшалардың бірінде балабақшада баласы соққыға жығылған ата-ананың жазбасы жарияланды. Әйел балабақша тәрбиешісі баласын ұрғанын, тәрбиелеу мақсатында қорлағанын жеткізді. Бұл мәселеге қатысты полиция пікір білдірді, – деп хабарлайды Massaget.kz.
Қызылорда қаласы Полиция басқармасына ата-ананың жеке балабақшалардың бірінде ұлына дене жарақатын салған тәрбиешіге шағымданған арызы түскен.
«Арыз негізінде қылмыстық іс тіркеліп, ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабының 2-бөлігі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Тәркіленген бейнежазбалар қылмыстық іске тіркелді. Сот сараптамалары тағайындалды. Сот-медициналық сараптама нәтижесі бойынша баланың «денсаулығына жеңіл зиян» келтірілген. Ал сот-габитологиялық сараптамасының қорытындысы әзірге шықпады», – делінген ведомство хабарламасында.
41 жастағы тәрбиешіге Ішкі істер органдарына келу туралы міндет қойылған.
Сондай-ақ, облыстық білім басқармасына ұсыныс жолданыпты.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!