Сәрсенбі, 27 қараша, 16:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада биыл 5 мың 323 адам зейнетке шықты

26.09.2023

657 0

Жыл басынан бері «Азаматтарға арналған үкімет»- тің Қызылорда облысы бойынша филиалы тұрғындарға әлеуметтік қолдау бағытында 113 мыңға жуық қызмет көрсетсе, бүгінгі таңда Қызылорда облысында зейнет алушылардың саны 80 мың адамды құрайды, жасына байланысты 5323 зейнетақы тағайындалды.
Естеріңізге сала кетсек, үстіміздегі жылдын қаңтар айынан бастап жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 10,5%-ға өскен болатын. Нақтырақ айтатын болсақ, еліміз бойынша ең төменгі зейнетақы 53 076 теңгені құраса, базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 24 341 теңгені құрайды.
«Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік қызметі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы және жасына байланысты зейнетақы төлемін тағайындау туралы ақпарат алу кезінде www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.
Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алушы немесе мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушы қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған тұлғаға республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 35,0 еселенген мөлшерінде жерлеуге арналған біржолғы төлем 120 750 теңге төленеді.
Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік корпорация әлеуметтік салада 44 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Мысалы, электронды түрде бала туғанға және бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне берілетін жәрдемақыға құжат тапсыруға болады. Мүгедектігіне байланысты жәрдемақыны да осылай рәсімдеуге мүмкіндік бар. Жалпы биылғы жылы төлемдердің 83 пайызы электронды түрде жүзеге асырылды.

«Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ Қызылорда облысы
бойынша филиалының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: