Жексенбі, 22 желтоқсан, 22:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада ерекше жандардың қолөнер жәрмеңкесі өтті

20.12.2022

656 0

Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде «Қызылорда облыстық мүгедектер қоғамы» ҚБ мен Жастар ресурстық орталығының бірлесе ұйымдастыруымен мүгедектігі бар балалар мен мүгедектігі бар тұлғалардың арнайы қатысуымен «Қолөнер – еңбектің қайнар көзі» атты ерекше жандардың қолөнер жәрмеңкесі өтті.

«Қызылорда облыстық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сағатбек Сиюов аталмыш көрменің ай сайын тұрақты түрде өткізілететін, алдағы уақытта халық көп шоғырланған аймақтарда жәмкеңке өз жалғасын табатындығына тоқталып өтті.

Көрмеге 100-ге жуық қаладағы арнаулы әлеуметтік орталықтар мен балаларға арналған орталықтардан, Шиелі ауданынан мүгедектігі бар балалар мен мүгедектігі бар тұлғалар қатысып, өз бұйымдарын халыққа ұсынды.

Шара барысында көрмеге қатысушы ерекше жандарға арнайы шеберлік сыныптары мен арт-терапия ұйымдастырылды. Шеберлік сыныбында қолдан сабын жасау процесін үйренсе, арт-терапияда орталық қызметкері Ә.Ізбанова қылқаламмен ерекше жандарға сурет салдырып, керемет көңіл-күй сыйлады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: