Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауымен, облыс әкімінің үйлестіруімен Қызылорда қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлерді орталықтандырылған ыстық сумен қамтамасыз ету мақсатында биылғы жылы үкімет резервінен 11 млрд. теңге бөлінген болатын.
Бұл жұмыстарды екі кезеңмен жүргізу жоспарланған.
Бірінші кезең бойынша 187 үй орталықтандырылған ыстық сумен қамтылады.
Тұрғындар тарапынан ыстық су жүйесіне қосылу жұмыстары шығынсыз, ақысыз негізде мердігер мекеме тарапынан жүзеге асырылуда.
Қазіргі таңда сол жағалаудағы көпқабатты тұрғын үйлерге ыстық су беріле бастады. Жоспарға сәйкес алдағы уақытта басқа да көпқабатты тұрғын үйлер ыстық суға қосылады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!