Жұма, 15 қараша, 08:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№90-2100
12.11.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада «Көрнекі ақпарат мәселелері» тақырыбында семинар өтті

19.09.2022

659 0

Мемлекеттік тіліміздің қолданыс аясын кеңейту, көрнекі ақпараттарда мемлекеттік тілдің қолданылуын қамтамасыз ету мақсатында семинар өтті.

Семинарға «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Сәдуақас Әбдіқадырұлы, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, қалалық прокуратура, қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары, жолаушылар көлігі және тұрғын үй инспекциясы, халыққа қызмет көрсету орталығы өкілдері, Қызылорда қалалық, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары, мамандары, басқарма және Тілдерді оқыту орталығының қызметкерлері қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес облыстық қоғамдық даму басқармасының ономастика және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Л.Есімованың, «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының төрағасы С. Аңсаттың баяндамалары мен Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің сектор меңгерушісі Б.Дүйсенбиеваның, Жаңақорған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Н.Бұлдырықовтың хабарламалары тыңдалды. Сондай-ақ «Көрнекі ақпарат және заң» атты бейнеролик көрсетілді.

Семинар соңында көрнекі ақпараттарда мемлекеттік тілдің қолданылуын қамтамасыз ету бағытындағы бірқатар Заңға енгізілген өзгерістер туралы және бұл жұмыстарды жандандыру, жетілдіру бойынша пікірлер тыңдалып, ұсыныстар қабылданды.

Қызылордада «Көрнекі ақпарат мәселелері» тақырыбында семинар өтті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: