Жұма, 29 қараша, 01:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада «Күміс волонтерлік» қозғалысы дамуда

31.05.2021

1115 0

Өткен жылы еліміздегі еріктілер өздерін нағыз батырлар ретінде көрсетті. Олардың ерлігі көпке үлгі болып, қиын кезде демеу бола білді. Тек жастар ғана емес, егде жастағылар да волонтер қатарына қосылды. Бүгінде елімізде «күміс волонтерлік» қозғалысы қарқын алуда. Негізгі мақсат – 50 жастан асқан адамдарды волонтерлік қызметке тарту.

«Қазіргі кезде 17 қалада «күміс волонтерлік» қозғалысы қарқын алуда. Бүгінде біздің облыстағы осы санаттағы волонтерлерге кәсіби мамандар дәріс оқып, халықаралық тренерлер тәжірибелерімен бөлісуде. Алдағы уақытта тақырыптық семинарлар мен кездесулер, жиындар өткізу жоспарлануда», – деді «Волонтеры Кызылорда» қайырымдылық қорының төрайымы Ольга Чебакова.

Егде жастағы адамдар өз тәжірибелері мен білімдерін басқалармен бөлісуге ұмтылады. Олар барлық жобаларға белсенді қатысып, бір деңгейде қалмауға тырысады, үнемі қозғалыста болады. Мұндай шаралар оларға өздерін физикалық және психологиялық жағынан жақсы ұстауға көмектеседі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: