Жұма, 27 желтоқсан, 11:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада мүгедектігі бар азаматтар үшін 45 инватакси қызмет көрсетеді

30.09.2024

319 0

Сурет: gov.kz

Республикалық референдумға 6 күн қалды. Қызылорда облысы саяси науқанды өткізуге дайын.

Аймақта 380 референдум учаскесі бар. Оның 126-ы Қызылорда қаласында, қалғандары аудандарда.

Барлық учаскелер мүгедектігі бар азаматтар үшін қолайлы яғни 1-қабатта орналасқан.

Бүгінгі күніоблыстаБрайльқарпін қолдана алатын72 учаскеде 100 көз мүгедегінеарнайы трафарет дайындалды. Қалған 308 учаскеде трафареттер таратылады.

Дауыс берушілер үшін бюллетеньдер толтыру ережесі көрсетілген аудиоматериалдар ұсынылды.

Өңірде қимыл-қозғалысы қиын мүгедектігі бар азаматтарды тасымалдау үшін 45 инватакси мен 329 учаскеде сурдоаудармашыларымдау тілі қызметтерін көрсетеді.

Дауыс беруге құқылы тұрғындардың 2637-і ерекше жағдайларды қажет ететін мүгедектегі бар азаматтар. Оның 1004-і кресло-арба қызметін қолданатындар, 1016-ы көру қабілеті төмен азаматтар, 617-і есту қабілеті төмен азаматтар.

Дауыс беру күні аймақтағы 374 учаскеде мүгедектігі бар азаматтар үшін арнайы бұрыштар ұйымдастырылған. Мұнда дауыс беруге қажетті арнайы құрал-жабдықтар мен ақпараттық түсіндірмелер қамтылған.

Денсаулық жағдайына және науқас адамға күтім жасауына байланысты учаскеге келіп дауыс беруге мүмкіндігі жоқ азаматтар үшін комиссияның 2 мүшесі тасымалданатын жәшік арқылы азаматтың үйіне барып дауыс беруді ұйымдастырады.

Бұл ретте азаматтар 6 қазан сағат12:00-ге дейін өтініш қалдыруы тиіс.

Дауыс беру күні референдум учаскелері таңғы сағат 7.00-ден20.00-ге дейін жұмыс істейді.

Айта кетейік, референдум күні облыс бойынша 492 381 азамат дауыс беруге құқылы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: