Қазгидромет Қазақстанның бірқатар аймақтарында дауылды ескерту жариялады. Cебебі республиканың оңтүстік облыстарында аптап ыстыққа байланысты өрт қаупі сақталады, ал солтүстік облыстарда жауын-шашын болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қызылорда облысында 7 маусымда Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Ал облыстың солтүстігі мен орталығында шаңды дауыл соғады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз найзағай, бұрқасын, шаңды дауыл, жел болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!