«26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» мерекесіне орай Қызылорда қаласының орталық мәдениет және демалыс паркінде ауқымды есірткіге қарсы акция өткізілді.
Акция барысында митинг өткізіліп, есірткіге қарсы профилактикалық жұмыста үздік болып танылған түрлі сала өкілдері алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды . Сонымен қатар, сыйлық иелері болып тілшілер арасында ұйымдастырылған үздіктер де марапатталды.
Концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, оның барысында тақырыптық театрлық және би қойылымдарының көрсетілімі назарға ұсынылып, жергілікті және шақырылған әншілер өз өнерлерін паш етті.
Концертке қатысу үшін қазақстандық эстрада әншісі Байтанат шақырылды, ол акция барысында қатысушыларды салауатты өмір салтын ұстануға және есірткіден алыс болуға шақырды.
Сондай-ақ, есірткіге қарсы полиграфиялық өнімдер мен балаларға арналған ойыншықтар таратылды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!