Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан Сыр жұртшылығына ауызашар берілді.
Ауызашар шарасына облыстың зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, аймақтың барлық ауданынан сала ардагерлері, еңбек адамдары қатысты.
Өңір басшысы Н. Нәлібаев жұртшылықты Рамазан айымен құттықтап, бірлік пен береке, мейірім мен ізгілік, қанағат пен сабыр салтанат құратын қасиетті уақытта жасаған қайырым, дұға-тілектерінің қабыл болуына өз тілегін білдірді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!