Өңірде бүгінгі күні 18 жасқа дейінгі балаларға 5 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қызмет көрсетіп келеді. Жыл бойына әр ПМПК 1000-ға жуық баланы қабылдауда.Қазіргі таңда облыс бойынша ерекше күтімді қажет ететін және мүмкіндігі шектеулі 6711 бала тіркеліп отыр. Мамандар бүлдіршіндерді ерте бастан қаратып, қай жаққа бейімі жоғары, денсаулығында қандай кінәраті бар екенін анықтау аса маңызды екенін айтады. Осы бағытта өңірдің қажеттіліктерін ескере отырып Қызылорда қаласында алтыншы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация ашылатын болады.«Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын орындау мақсатында Қызылорда облысы әкімдігінің №109 қаулысына сәйкес қаламызда №3 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы ашылады. Аталған мекеме өз жұмысын алдағы жаңа оқу жылы қарсаңында бастайды деп жоспарлануда, – дейді облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Шолпан Жүнісова.Айта кетейік, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация жылына бір мыңға жуық балаға интенсивті бақылау жүргізіп, диагноз қоюға мүмкіндік беретін болады.©Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!