Бейсенбі, 09 сәуiр, 23:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№25 (2237)
07.04.2026
PDF мұрағаты

Қызылордада қоғамдық тәртіпті нығайту үшін рейд ұйымдастырылды

09.04.2026

47 0

Фото: Өңірлік Коммуникациялар Қызметі

Қызылордада полиция қызметкерлері, БАҚ өкілдері және жергілікті атқарушы органдар бірлесіп ауқымды жедел-профилактикалық рейдтер жүргізуде. Негізгі мақсат қоғамдық тәртіпті нығайтып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Қызылордада қоғамдық тәртіпті нығайту үшін рейд ұйымдастырылды

Рейд барысында қала көшелері мен қоғамдық орындардағы тәртіп, жол қауіпсіздігі және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері басты назарға алынды. Нәтижесінде 358 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде қоғамдық орынға мас күйде келудің 64, тыныштықты бұзудың 44, ортақ орындарды ластаудың 5 дерегі тіркелді.

Қызылордада қоғамдық тәртіпті нығайту үшін рейд ұйымдастырылды

Сонымен қатар 42 жасөспірімнің түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүргені белгілі болды. Мұндай жағдайлар кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретіні ескертілді. Ойын-сауық орындарында темекі өнімдерін, оның ішінде кальян тұтынудың 6 дерегінің жолы кесілді.

Мамандардың айтуынша, мұндай бірлескен шаралар құқық бұзушылықтың алдын алып, халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға ықпал етеді. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: