Бейсенбі, 31 шiлде, 03:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№ 56, 2169
29.07.2025
PDF мұрағаты

Қызылордада рақымшылықпен тағы бір сотталған бостандыққа шықты

30.07.2025

117 0

«Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заң аясында Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесінен алғаш рет рақымшылықпен бір сотталған бостандыққа шықты.

55 жастағы ер адам ұрлық жасағаны үшін сотталған. Жаза мерзімінің аяқталуына небәрі бес ай қалған еді.
Бостандыққа шыққан азамат өз қателігін мойындап, жаңа өмірге қадам басуға дайын екенін айтты.

– Қателігімді түсіндім. Жер ортасына келген жаста қылмыс жасап, сотты болғаныма өкінемін. Енді отбасымның жанына барып, балаларыма тәрбие беріп, жіберген қателігімнің орнын толтырғым келеді. Қаншама уақытым зая кетті. Рақымшылықпен босап жатқаныма қуаныштымын, – деді ол.

Айта кету керек, бұған дейін де рақымшылықпен ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінен 3 және пробация қызметінен 36 сотталған азамат бостандыққа шыққан болатын.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: